Құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - тұрмыстық мақсатта пайдаланылған орташа көлемді саз құмыра. Ол №211 мұнай айдау станциясынан 30 км қашықтықтағы аумақтан табылып, музей қорына Бердиев Асан Өтегенұлы тапсырған. Ыдыс табиғи саздан қолмен қалыпталып, жоғары температурада күйдірілген. Сыртқы беті өңделмеген, қабырғалары қалың, ернеу бөлігінде уақыт әсерінен пайда болған сынықтар мен жарықтар байқалады. Құмыра XIX ғасырдағы жергілікті халықтың күнделікті тұрмысында сұйық және құрғақ азық-түлік сақтауға арналған ыдыстардың үлгісі ретінде археологиялық және тарихи-мәдени құндылыққа ие.
Мерзімделу кезеңі:
XIX ғ
Материал:
Саз
Техника:
Қолдан жасалған жұмыс, Пішіндеу
Өлшемі:
10,5 × 11,5 см
Санат:
Археология