Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құдағай жүзік

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Құдағай жүзік - екі саусаққа арналған жүзік Бұл жүзіктің қасты (орталық безендіру бөлігі) екі деңгейлі болып келеді. Негізгі қасы - дөңгелек пішінді. Оның үстіңгі бетінде екі сопақша қас орналасқан, олардың ішіне қызыл түске боялған жарық өткізетін шыны салынған. Осы екі қастың ортасында тік бағытта орналасқан екі дөңес сопақша элемент бар, ал шеттерінде бір-бірден сопақ пішінді элементтер орналасқан. Шыны салынған қастар пресстеу арқылы жасалған лентамен және шиыршық тәрізді өрнектермен әсемделген. Қастың шеттері «орамалы» немесе ширатылған сіркелеу әдісімен жиектелген. Осы өрнектің арасында да пресстеу тәсілімен жасалған лента орналасқан. Жүзіктің қалған бөлігінде күмістей түсті үшбұрышты өрнектер және нағыз дәндерден (зернь) жасалған жиекпен сәнделген. Қастың беткі жағы түгелдей алтын жалатылған. Бұл жүзік екі саусаққа тағылады. Ертеде мұндай жүзікті «құдағай жүзік» деп атаған. Қазақ дәстүрі бойынша, қалыңдықтың анасы осы жүзікті құдағайына сыйға тартқан
Мерзімі: XIX ғасырдың II жартысы.
Материалы: Күміс, шыны, алтын жалату.
Техникасы: Құю, шекімелеу, тас пен шыны қондыру, престеу.
Өлшемі: d-7см, h-1см.

Санат: Бағалы металдар (күміс)
Материал: Күміс
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Жалпы ластану

Scroll to Top