М. Әуезовтің портреті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Аманжолов Мағауия Аманжолұлы. 1949-1995
Ер адамның бел тұсқа дейінгі портреті сабырлы қалыпта бейнеленіп, жанары бір жаққа бағытталған. Кейіпкер үстелге сүйеніп отырған қара түсті костюм мен галстук киген күйде көрсетілген. Бейтарап ашық фон бет әлпетінің айқындылығы мен фигура силуэтін ерекшелейді. Колориті жылы сарғыш-жоса және қою қара реңктердің үйлесіміне құрылған. Кескіндемелік мәнері жалпыланған, бейненің тоналдық тұтастығымен ерекшеленеді.
Мерзімі: 1980 жж.
Өлшемі: 120х130 см
4211-ж
Санат:
Бейнелеу өнері
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Сақталу жағдайы
Төменгі жиегінің бойында - кракелюр, сыдырылған жерлер, бояу қабатының жоғалу жолағы. Оң жағында беткі қабаты сырылған және шегенің қағылған ізі бар.