Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«Әке жолы» триптихы. Сол жақ бөлігі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Авторы: Аманжолов Мағауия Аманжолұлы. 1949-1995
Символикалық мазмұндағы көпфигуралы композиция. Кеңістік шартты пландарға бөлініп, ярусты түрде құрылған. Алдыңғы планда ер адамдар бейнеленген. Олардың бірі қолында шам ұстап тұр, екіншісі механизмнің жанында тұр. Жоғарғы бөлігінде шартты түрде берілген, бұлтты кеңістік аясында аттар шауып келе жатыр. Композицияның орталық бөлігінде орамал таққан әйелдің бейнесі қырынан, басын бұрған күйде бейнеленген. Колорит ұстамды, суық сұр-көк және тұманды реңктердің бәсең қоңыр-жоса және жасылдау түстермен үйлесіміне негізделген.
Мерзімі: 1983 ж.
Өлшемі: 180×120 см
3186-ж (а)

Санат: Бейнелеу өнері
Материал: Кенеп
Техника: Майлы бояу

Сақталу жағдайы

Кей жерлерінде сыдырылулар бар. Жоғарғы бөлігінде кенеп қатты деформацияға ұшыраған. Оң жағында, дөңгелек бейнесі аймағында кенеп негіз қабатына дейін сырылған.

Scroll to Top