Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Өңіржиек

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Өңіржиек - әйел адамның кеудесіне тағылатын әшекей бұйым. Бұйым композицсының негізгі бөлігі - түтікше, әдетте оның ішіне шағын тұмар не дұғалық салынатын болған. Түтікше цилиндр пішінді, ұштары конус тәріздес, ұштарында тізбек ілінетін шашақ тәрізді ілгектер бар. Түтікшенің орта және шеткі бөліктері ойма бедермен және күңгірт түсті гүлді өрнекпен безендірілген. Төменгі жағына тоғыз төртқырлы шынжыр бекітілген. Әр шынжырдың ұшында ромб және тамшы тәрізді екі металл пластина бар. Жоғарғы жағынан түтікшеге жалпақ тізбек жалғанған. Ол бес дөңгелек жартылай дөңес қас арқылы өтеді. Түтікшенің ортасынан гүл тәрізді пластина арқылы үш ұшты ілмек жалғанып, одан екі жаққа тағы екі металл пластина тізіліп, гүл өрнектерімен (қою бедерлеу мен қаралау техникасында) безендірілген.

Мерзімі: XIX ғ.
Материалы: күміс
Өлшемі: 370 х 100 мм

Санат: Бағалы металдар (күміс)
Материал: Күміс
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Жарамды

Scroll to Top