Өңіржиек
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Өңіржиек - әйел адамның кеудеге тағатын әшекей бұйымы. Бұл зергерлік туынды үш қуысты металл пластинадан тұрады. Әр пластина ішкі жағынан мастикамен толтырылған, бұл оған берік әрі көлемді пішін береді.
Жоғарғы екі пластина тіктөртбұрыш пішінінде жасалып, беті ою-өрнекпен және жарық шағылыстыратын қызыл, қара түсті шыны тастармен безендірілген. Ортаңғы пластинадан төмен қарай төрт қырлы, шар тәрізді тізбектер салбырап тұрады. Олар бұйымның қозғалысын әсем көрсетіп, жарқырауын арттырады.
Төменгі пластина жапырақ және шар пішіндес элементтермен әрленген. Барлық пластиналардың бетіне екі деңгейлі ою-өрнек салынған және олар да түрлі түсті шыны тастармен көмкерілген. Әшекейдегі бейнелер дәстүрлі геометриялық өрнектермен безендірілген, олардың шеттері зернелеу техникасымен көмкерілген. Пластиналардың беткі жағы мен өрнектердің контурлары «скань» әдісімен - жіңішке металл сыммен өрнектеу арқылы безендірілген. Бос қалған жерлерінде үшбұрыш пішінді зернелеу өрнектері орналасқан.
Мерзімі: XIX ғ. соңғы ширегі.
Материалы: күміс
Өлшемі: 11,5 х 8,5 см
Сақталу жағдайы
жарамды