Ішік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ішік - әйелдерге арналған қысқы сырт киім. Ішік қолдан тігілген. Негізгі материалы - қара-қоңыр түсті қаракүзен терісі, жүні ішке қаратылып тігілген. Сырты бургундиялық барқытпен қапталған. Жағасы мен өңірлері түгелдей қара түсті матамен және сары зермен көмкерілген. Мойын тұсында жасыл, сары және қызыл түсті жіптен жасалған шашақтар тігілген. Екі күміс жарты ай әшекейі сырғанап тұратын тізбектер арқылы екі сақинаға бекітілген. Іші - қардай ақ астармен көмкерілген.
Мерзімі: ХХ ғ. ортасы.
Материалы: Қаракөл, барқыт, күміс, жүн, жіп.
Техникасы: Тері өңдеу, тігу, кестелеу, металды өңдеу, қолмен жасау.
Размер: 46-48.
Санат:
Киім және кесте
Материал:
Жүн
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
жарамды