Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«ТШО - 20 жыл» мерейтойлық сувенирлік тәрелке

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«ТШО - 20 жыл» мерейтойлық сувенирлік тәрелкесі «Теңізшевройл» компаниясының жиырма жылдық мерейтойына орай дайындалып, Жылыой аудандық музейіне сыйға тартылған. Тәрелке шыныдан жасалып, сәндік ағаш тұғырға орнатылған. Орталық бөлігінде «20» мерейтойлық белгісі, «Теңізшевройл» компаниясының және оның серіктес компанияларының логотиптері, сондай-ақ 2013 жылғы 6 сәуір күні көрсетілген. Тәрелкенің сыртқы бөлігінде Теңіз кен орнын игеру тарихын, мұнай өндіру үдерісін және мұнайшылар еңбегін бейнелейтін көркем композициялар орналастырылған. Жиегі алтын түстес ұлттық өрнекпен көмкерілген.
Экспонат Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің дамуын, «Теңізшевройл» компаниясының қызметін және Жылыой ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін айқындайтын маңызды естелік жәдігер болып табылады.

Мерзімделу кезеңі: 2019
Материал: Ағаш, Шыны
Техника: Басқа, Зауыттық өнім
Өлшемі: диаметр - 21 см
Санат: Шыны, фарфор, фаянс
Scroll to Top