Сопақ пішінді, іші қуыс, ұшына қарай сүйір болып келген. Ішіне ұсақ тас салған. Бүйірі бедерленіп нақышталған, бетіне түйіршікпен сіркелеу жүргізілген. Жүзіктің беті мен бүйірі өрілген бұрым тәрізді нәзік өрнекпен безендірілген. Ортасына түйіршікті ширатпа қондырылған. Төменгі бөлігі тіктөртбұрыш ұсақ түйіршіктермен әшекейленген. Бүйірі тұмсығына қарай кеңейіп, ширатпа және түйіршіктермен нақышталған.
Мерзімі: ХХ ғ. басы.
Материалы: күміс.
Техникасы: зергерлік жұмыс.
Өлшемі: 3,8х2,0 см.