№ 02129998 кәсіподақ билеті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құжат бордо түсті қатты мұқабалы кітапша түрінде жасалған. Мұқабаның жоғарғы бөлігінде орыс және қазақ тілдерінде «Пролетарии всех стран, соединяйтесь! / Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» деген ұран, ортасында «ПРОФСОЮЗНЫЙ БИЛЕТ / КӘСІПОДАҚ БИЛЕТІ», төменгі бөлігінде «ВЦСПС» аббревиатурасы бедерленген. Ішкі беттерінде иесінің деректері, туған жылы - 1934, кәсіподаққа қабылданған жылы - 1950 көрсетілген. Кітапша М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтындағы кәсіподақ мүшелігін куәландырады. Оң жақ бетіне иесінің ақ-қара фотосуреті жапсырылған. Құжат ғылыми мекеме қызметкерінің кәсіби және қоғамдық өмірін сипаттайтын тарихи-мемориалдық дереккөз болып табылады.
Мерзімі: 1984 жылғы 5 желтоқсан
Материалы: Қағаз, картон, жасанды былғары
Техникасы: Типографиялық баспа, сиямен қолжазба, мөр басу, фотосурет жапсыру
Өлшемі: 8 × 11,5 см