Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«Юность-301» электройнатқыш (патефон)

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«Юность-301» электропроигрывышы тасымалдауға арналған тұтқасы бар тікбұрышты шағын чемодан түрінде жасалған. Корпус пен қақпақтың ағаш қаңқасы сыртынан қоңыр түсті жасанды былғарымен қапталған. Ашылатын қақпақтың ішкі жағында динамигі бар перфорацияланған панель және «Юность-301» атауы көрсетілген фирмалық тақтайша орналасқан. Жұмыс панелінде грампластинкаға арналған қара түсті айналмалы диск бар, оның үстінде «Мелодия» фирмасының винил пластинкасы орналасқан. Дискінің оң жағында дыбысалғыш басы бар айналмалы тонарм және басқару реттегіштері орналасқан. Электрлік қоректендіру сымы сақталған. Сақталуы жақсы, табиғи пайдалану іздері байқалады. Экспонат 1970-жылдардағы кеңестік портативті аудиотехниканың үлгісі болып табылады.
Мерзімі: 1975 жыл
Материалы: Дерматин, ағаш, пластмасса, электрондық компоненттер
Техникасы: Зауыттық өндіріс, құрастыру, бедерлеу, монтаждау
Өлшемі: 28 × 39 см

Мерзімделу кезеңі: 1975
Материал: Пластмасса
Техника: Зауыттық өнім
Өлшемі: 28 × 39 см
Санат: Аудио-видео
Scroll to Top