Әйелдердің мыс білезігі №1
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
XX ғасырға жататын әйелдердің мыс білезігі дәстүрлі қазақ зергерлік қолөнерінің үлгісі болып табылады. Бұйым ашық конструкциялы, негізгі бөлігі біртіндеп ұштарына қарай кеңейе түседі. Білезіктің орталық бөлігінде арнайы қалыпқа бекітілген қызыл түсті тас орналасқан. Оның айналасы қазақтың дәстүрлі ою-өрнегіне тән «қошқар мүйіз» тәрізді иірімдермен безендірілген. Өрнектік композиция нүктелік бедерлермен толықтырылған. Декор қалыптау және оймыштау тәсілдері арқылы орындалған. Білезіктің композициясында роговидті зооморфтық мотив пен орталық тас қондырмасы үйлесім тапқан. Мыс негізі мен сәндік бөлшектері жақсы сақталған, деформация белгілері байқалмайды.
Мерзімі: XX ғасыр
Материалы: Мыс, қызыл түсті тас
Техникасы: Қалыптау, оймыштау, шеку
Өлшемі: Ені - 2,6 см, ұштарындағы ені - 3 см; салмағы - 29 г