«Құс тұмсық» жүзігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мыс жүзік шинаға бекітілген тамшы тәрізді, ұшы сүйір пластинкадан тұрады. Пластинаның пішіні құстың тұмсығын еске түсіреді, осыған байланысты бұйым «Құс тұмсығы» деп аталады. Жүзіктің ұштары жапырақ тәрізді сүйірленіп жасалған. Пластинаның беті симметриялы орналасқан дөңгелек ойықтармен безендірілген. Жиегі тұтас периметрі бойынша ширатылған элементтерден құралған рельефті өрнекпен көмкерілген. Бұйым XIX ғасырдағы халықтық зергерлік қолөнердің дәстүрлі үлгісін танытады.
Мерзімі: XIX ғасыр
Материалы: Мыс
Техникасы: Қалыптау, бедер түсіру, ширатылған элемент, ойма
Өлшемі: Пластинкасы - 1,5 см; қалыңдығы - 0,5 см; салмағы - 4 г
Мерзімделу кезеңі:
XIX
Материал:
Мыс
Техника:
Қалыптау
Өлшемі:
Диаметр - 1,5 см
Санат:
Этнография