М. Көпеевтің мемориалдық музейі
Мәшһүр Жүсіп Көпеев мемориалдық музейі - ел тәуелсіздігімен үндесіп, өркендеп өсіп, өніп келе жатқан рухани орын. Өзіндік даму тарихын қалыптастырған музей Мәшһүр Жүсіп ғұмырнамасы мен шығармашылығынан сыр шертіп, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Дара әрі дана тұлға Мәшһүр Жүсіптің қолжазбалары мен жеке заттары орналастырылған зал, көрермендерін тамсандырып қана қоймай, музейді жаңғырту мақсатында қоғамдық мәні зор мәдени жобаларды жүзеге асыруда.
Мәшһүр Жүсіп музейде осы күнге дейін сақталған ақынның өзі қолданған құнды дүниелері қойылған. Бұл құнды жәдігерлер - ұлт игілігі. Олардың бәрі де Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ұрпақтарының, балаларының немерелерінің арқасында сақталып, бүгінгі күнге дейін жетті. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өзі қолданған жәдігерлер ерекше құнды. Бұл жәдігерлерде ақынның қолының жылуы мен оның рухани аурасы сақталғандай. Біз үшін ең құндысы - ақынның көзі тірісінде үнемі өзімен бірге алып жүрген Құран Кәрімі. Ол қаптамасымен бірге сақталған.
Тағы да бір құнды дүние - қоржын. Егер көшпелі халықтар қоржында ас-суын алып жүрсе, Мәшһүр Жүсіп атамыз кітап, қағаз, жазбаларын алып жүрген.
Мәшһүр Жүсіптің бүркітші болғаны да мәлім. Өзінің бүркіті болған. Оны сүйікті немересі Төлеубай Шарапиев күтіп-бағыпты. Бүркіттің басына кигізілетін көзқап - томаға сақталған.
Сонымен бірге керемет самауырда көз тартарлық. Жібек жолында сауда қызып тұрған кезде, көпестер осы үлкен жез самауырды әкелген екен. Самауырдың қақпағында «Самовар его Императорского величества» деген жазу бар.
Кілем де өте жақсы сақталған. Бұл жай кілем емес. Мәшһүр Жүсіп өлерінің алдында жер қойнына берілмесе де, денесінің бұзылмайтындығын айтқан. Ол қайтыс болғаннан кейін оның көріпкелдігіне сәйкес, денесін көмбей, мазардың астыңғы бөлмесіне қояды. Оны үйден шығарғанда осы кілемге орап шығарған. Кілемді ұрпақтары осы күнге дейін сақтап жеткізген. Сондықтан да бұл кілем - баға жетпес игілік.
Негізгі үлкен зал Мәшһүр Жүсіптің ғұмырнамасы мен шығармашылығына арналған. Келесі залда ғұламаның тас мүсін ескерткіші, жез легені мен жез шәйнегі, суреттерден жиі көрінетін үкілі тақиясы, отбасы қолданған 10 литр¬лік жез самауырыны, ас ішкен үлкен дөңгелек қоңыр түсті ағаш табағы, көзіл¬дірігі, өзі ұстаған қара түсті ақша сала¬тын күмәжнигі, қалта сағаты, қызыл түсті гүл¬дер¬¬мен әшекейленген сорпа, қы¬мыз ішетін кесесі, ақ гүлдермен әш¬е¬кейленген көк түсті шай кесесі, қол¬данған қасығы сияқты жеке заттары қойылған.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев музейі 1977 жылы Жаңа жол орта мектебінің сырт жағындағы арнайы бөлмеде ашылды. Бүған дейін Мәшһүр Жүсіптің немересі Шарапиев Төлеубайдың және Соғыс ардагері Нағи Ахметовтың, Амангелді Омаровтың ұйымдастыруымен, Шарапиев Төлеубайдың шаңырағында арнайы бір бөлмесінде, әулиенің жеке заттары жинақталып, шағын мұражай ашады. Мектеп жанынан ашылған мұражайға, «Жаңажол» ауылының алғашқы қалыптасу кезеңі мен колхоз, совхоз болып қалыптасуы, Соғыс ардагерлерінің суреттері мен өмірбаяндары, Халқымыздың тұрмыстық заттары мен қолөнер бұйымдары орналастырылған.
1981 жылы Жаңажол ауылында мәдениет үйі бой көтеріп, музей екінші қабатына көшіріледі. 1986 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министірлігі коллегиясының шешімімен, музейге «Халық мұражайы» деген атау беріледі. Осы жылы аталмыш музейге және Ескелдіге аранайы ат басын бұрып келген мәдениет министрі Өзбекәлі Жәнібеков, Мәшһүр-Жүсіп Көпеевке арнап шығыс үрдісінде жаңа музей салынатынын жеткізді. Сәулеткер Р. Науымовтың жобасы бойынша «Агропромстрой» тресінің араласуымен 1993 жылы жаңа музей ғимараты пайдаланылуға берілді.
2016 жылы Ескелді шатқалында орналасқан Мәшһүр Жүсіп кесенесінің қасынан бой көтерген мәдени-қонақ үй кешенінің бірінші қабатынан Мәшһүр Жүсіп музейіна арнайы бөлме берілген болатын. Музейде екі экспозициялық зал: сурет галереясы мен ұлы ойшылдың бай әдеби, тарихи мұрасы және көзі тірісінде қолданған заттар сақталған бөлме бар. Музей экспозииясын құру жұмысымен Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі айналысты. Музейде сол уақытта 700 ден аса жәдігерлер болатын, оның ішінде негізгі қордағысы - 93.
Мәшһүр Жүсіпке арналған жеке жаңа музей 2018 жылдың 20 тамызына басталып 15 желтоқсанда аяқталды. Музей құрылысын «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлының тапсырмасы бойынша жүргізді. Жаңа музей туралы алғаш сөз қозғап, Жоламанов Бақытжанға өтініш білдірген, Мәшһүр Жүсіптің немересі Пазылов Қажмұқан болатын.
Жаңа музей 3 бөлмеден тұрады. Хол әрі кіре беріс каридоры бар. 1 шаруашылық, 1 электо шиттық шағын бөлмелер бар. Үлкен залда Мәшһүр Жүсіптің ғұмырнамасы мен шығармашылығына арналған 9-стенд және 8 тамбур орналастырылған. Әрі ортаға Мәшһүр Жүсіптің мүсіні қойылады. Келесі бөлме канференц зал немес оқырмандар бөлмесі. Онда кітап көрмесі ұйымдастырылып Мәшһүр Жүсіптің еңбектері және сыйлыққа берілген кітаптар қойылған. Қабырғаға арнайы телевизор қойылып, видео материалдар жинақталған.
Музейдің басқа музейлермен рухани мәдени байланыстар негізінде, Қазақ ғылым академиасының, Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығынан Мәшһүр Жүсіптің 29 көне қолжазбасының көшірмесі сатылып әкелінген болатын. 29 құжаттың 25-і қолжазба, қал¬ғандары «Сарыарқаның кімдікі екен¬дігі», «Тірлікте көп жасағандықтан кө𬬬ген бір тамашамыз» және екі «Хал-ахуал» кітаптары. Бұл кітаптар ғылыми кітаשּׁхана қорында 1950 жылдардан бері сақталуда. Бүгінгі күні музейдегі жәдігерлердің негізгі қордағы жалпы саны 811-ге жетті.
Музей жазда және күзде сағат 9.00 ден 19.00 ге дейін демалыссыз жұмыс жасайды. Қыс және көктемде 9.00 ден 18.00 ге дейін жұмыс жасайды Дүйсенбі демалыс. Музей Баянауыл ауданына қарсты Ескелді шатқалында орналасқан. Бұл Мәшһүр Жүсіпке кесенесінің маңында. Жаңажол ауылынан 25 шақырым жер.
Музейді тамашалау құны 150 теңге. Зейнеткерлерге 100, оқушыларға 100 тенге.