Мойынқұм аудандық Ж. Қуанышбаев атындағы музейі
Мойынқұм аудандық музейі 1973 жылдан қоғамдық негізде құрылып халыққа қызмет көрсетуде. 1986 жылға дейін «Облыстық тарихи өлкетану музейінің филиалы болып келді.
1987 жылдан бастап «Екі мәрте Еңбек Ері Ж.Қуанышбаев атындағы шопандар тұрмысы мен өмірінің тарихи музейі» аталып халық мүддесінен шығуда.
1999 жылдан бастап аудан әкімінің шешімімен коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы музейі» деп аталады.
2005 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімияты мәдениет басқармасының «Мойынқұм аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
2009 жылдан бастап «Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының» Мойынқұм аудандық «Ж.Қуанышбаев атындағы музейі» коммуналдық мемлекттік қазыналық кәсіпорын болып қайта тіркеуден өтті.
2013 жылдан бастап «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының» Мойынқұм аудандық «Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып қайта тіркеуден өтті
2016 жылдан бастап «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет ,архивтер және құжаттама басқармасының Мойынқұм аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы музейі» КМҚК болып қайта тіркеуден өтті.
2024 жылдан бастап «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Мойынқұм аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы музейі» КМҚК болып қайта тіркеуден өтті.Негізі бір қабатты ғимаратқа орналасқан 220 м , қорға 100 м бөлінген.
Индексі: 080600
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі 1.
Музейде 4 бөлім жұмыс істейді.
1. Табиғат бөлімі
2. Өлкетану бөлімі
3. Этнография бөлімі
4. Археология
Табиғат бөлімі бойынша:
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жәдігерлер жинастыру
- Ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Өлкетану бөлімі:
- Өлкетану тақырыптарында баяндамалар, жылжымалы көрмелер өткізу.
Этнография бөлімі:
- Ауданның тарихи-мәдени салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары туралы ғылыми-
Ағарту жұмыстарын жүргізу.
- Саяхаттар, әңгіме-кеңес, кездесулер өткізу.
Археология:
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жәдігерлер жинастыру, әңгіме
кеңес оқулар, саяхаттар ұйымдастыру.
- Ғылыми құжаттар толтыру, сипаттама беру.
Музейге кіру ақысы : балаларға - 50 тг, ересектерге - 150тг.