Әлжан ана музейі
Музейдің толық және дұрыс атауы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Қордай аудандық К.Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейі" КМҚК қарасты «Әлжан ана ауылының тарихи музейі».
Музейдің бағыты мен бейінін ашып түсіндіру
Әлжан ана ауылының тарихи музейі ауыл тұрғындарының көне жәдігерлерімен толыққан. Музей экспозициясында ауылдың құрылған кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі маңызды тарихи оқиғалар мен қоғамдық-саяси үдерістерге қатысты құнды деректер жинақталған.
Музей қорында 1910 жылғы «Қасық» ауылының мөрі, көшпелілер заманынан қалған белдік кісен, бойтұмар, кебеже сынды тұрмыстық бұйымдар сақталған. Сонымен қатар «Талапты» савхозы кезеңіне қатысты фотосуреттер, ұжымдастыру жылдарына байланысты деректер, алғашқы қазақ мектебінің құрылысы, казак әскеріне тиесілі қылыш экспозицияда көрсетілген.
Музейде еліміздің ғылымы мен мәдениетіне үлес қосқан тұлғалар туралы мағлұматтар бар. Атап айтқанда, алғашқы академик Н. Сауранбаев, балалар жазушысы С. Сарғасқаев, Қазақ КСР-нің министрі болған Б. Бөлтірікқызы, сондай-ақ Әлжан Бұқарбайқызына тиесілі тас диірмен сақталған.
Музейдің құрылу тарихы
Музей 2018 жылы 26 маусымда пайдалануға берілді.
2017 жылы Қасық ауылы Әлжан ана ауылы деп өзгертілді. Музей ауылдың тарихи жады мен рухани құндылықтарын сақтауға бағытталған.
Экспозиция залдары
Музей бір үлкен залдан тұрады. Экспозиция бағыттары:
- Әлжан ана ауылының тарихы
Бұл экспозиция бұрышы ауылдың тарихы туралы ақпарат береді
- Батыр аналар
Бұл экспозиция бұрышы Алтын құрсақты аналар туралы ақпаратпен толыққан
- Ауылдан шыққан тұлғалар
Еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар туралы ақпаратпен, олардың наградалармен толыққан.
- Ауған соғысы ардагерлері
Ауған соғысына қатысқан ауылдың азаматтарына арналған бұрыш. Олардың фото суреттері, наградалары бар.
- Д.Қонаев және «Талапты» совхозы
Д.Қонаевтың фото суреттері қойылған
- Кенен Әзірбаев
Кенен Әзірбаевтың домбырасы, т.б суреттері қойылған.
- Алаш арыстары
Алаш зиялылары туралы ақпарат бар
- Тұрмыстық бұйымдар
Келі келсап, кебеже, ер тоқым, т.б
Құнды жәдігерлер
Казак қылышы, Қасық ауылының мөрі, бел кісен, тас диірмен.
Музейдің жұмыс кестесі
Дүйсенбі-жұма: 09:00-18:00
Түскі үзіліс: 13:00-14:00
Сенбі, жексенбі - демалыс
Музейге кіру - ақылы.