Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Успен ауданының тарихи-өлкетану музейі

Успен ауданының тарихи-өлкетану музейі 1956 жылы ашылған. Алғашында музей Успен ауылының Аудандық мәдениет үйі (АМҮ) ғимаратында орналасқан. 2015 жылғы 14 желтоқсанда тарихи-өлкетану музейін жеке ғимаратқа орналастыру мәселесі шешімін тапты.

Музей қоры аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Қазақстанның 30 жылдығы атындағы колхоздың тарихи-өндірістік музейінің біріктірілуі нәтижесінде толықтырылды.

Музейде тұрғындардың туған өлке мен Қазақстан тарихы жөніндегі білімін тереңдетуге бағытталған ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізіледі.

Бүгінгі таңда музейде 5 зал бар: Аудан қоныс аударушылары залы; Жауынгерлік даңқ залы; Ауданның даму залы; Аудан жетістіктері залы;

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған зал.

Залдарда экспонаттар хронологиялық және тақырыптық жүйе бойынша ішінара орналастырылған, аудан тарихының негізгі кезеңдерін бейнелейтін тақырыптық экспозициялар безендірілген. Олар қоныс аудару кезеңінен бастап ауданның құрылуы, соғысқа қатысушылар, ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға қатысушылар, тың игерушілер туралы материалдарды қамтиды. Сонымен қатар фотосуреттер, мәтіндік материалдар, альбомдар, жерлестеріміздің мәдениеті мен тұрмысынан сыр шертетін заттар ХХ ғасырдың басынан қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Қазіргі уақытта музей қорында 2369 экспонат бар. Қор Успен ауданы тұрғындарының музейге өтеусіз тапсырған жәдігерлері есебінен толығып отырады. Аудан тұрғындары жеке тарихы бар заттарын музейге зор ықыласпен әкеледі. Мысалы, Успен ауылының тұрғыны Сопельник В. өзіне тиесілі радиоқабылдағышты музейге тапсырды. Ол радист болып қызмет атқарған кезде бұл құрал қарсылас ұшақтарының радиотолқындарын қабылдаған. Сондай-ақ музейде Лозов ауылының тұрғынынан алынған қасқыр қақпаны сақтаулы. Соғыстан кейінгі жылдары осы қақпан арқылы 20-дан астам қасқыр ұсталған, олардың ең ірісінің ұзындығы шамамен 2 метрге жуық болған.


Scroll to Top