Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шоқыр балығы

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі

Шоқыр балығы. (Asio flammeus)
2 дана. 1-ші дене ұзындығы - 85 см, тұмсықтан құйрыққа дейін - 11,4 см, басының ұзындығы - 13,1 см, көздің диаметрі-1см, кеуде қанатының ұзындығы - 7 см. Денесінің ең кіші жерінің өлшемі- 2,2 см, ең биік жерінің өлшемі - 8,4 см. Арқасында 12 өткір тік қабыршағы бар. Екі қапталында 34,бүйірінде 12 қабыршақ бар.Ауызы үлкен емес. Денесі торпедо тәрізді ұзын. Тұмсығы өте ұзын, семсер тәрізді. Бауыры ақшыл.Үстіне ұлутастар жапсырылып лакталған,табан тәрізді тұғырға орнатылған. Каспий,Арал,Қара теңіздерде кездесетін кәсіптік балық.Ұсақ балықтар және теңіз түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді.

Scroll to Top