Жазба фрагменті. Б.з.д. II ғ. - б.з. IV ғ.
Пішіні тік төртбұрышты. Төменгі бүйір бөліктері тегіс, сарғыш-қоңыр түсті ангобпен қапталған. Алдыңғы бетінде үш жолдан тұратын жазу бар, барлығы жиырма екі таңба түсірілген, олар күйдіру алдында шикі сазға ойып жазылған (кейбірі жартылай ғана оқылады). Мәтін көне арамей әліпбиімен жазылған.