Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Ағаш жастық

Жамбыл облыстық тарихи - өлкетану музейі

Ағаш жастық - жер төсекте жатқан адамның басын биіктету үшін жастықтың астына қоюға арнайы жасалған. Қызыл-қоңыр түсті ағаштан ойып жасалынған. Бояуы көнерген. Жоғарғы бөлігінде сары және қызыл түсті геометриялық және өсімдік тектес оюлармен безендірілген. Екі бүйір жағы тақтайдан тұрады, сәндік оюлармен көмкерілген. Ортаңғы бөлігі басты қоюға арналған тегіс етіп жасалған.Ықшамды, әрі жеңіл болғандықтан, көшпелі тұрмыста кеңінен пайдаланған. 1968 - ші жылы музей қорына Свердлов ауданы, Чапаев совхозының тұрғыны Т. Сейілханов өткізген.
Мерзімделуі: ХІХ ғ. - ХХ ғ.
Материалы: ағаш (қарағай)
Өлшемі: ені - 13 см.
Ұзындығы: 86 см.

Scroll to Top