Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сырлы қыш құмыра

Жамбыл облыстық тарихи - өлкетану музейі

Құмыра жасыл түсті сырмен қапталған. Пішіні - сопақ, бүйірі томпақ, түбі дөңгелекше, мойны қысқа әрі жіңішке, аузы шағын. Құмыраның бір жағында тұтқасы бар. Беті тегіс, кей жерлерінде уақыт әсерінен сырлары кетіп, ақшыл дақтар пайда болған. Бұл құмыра тұрмыста сұйықтық (су, сусын, сүт өнімдері) құюға және сақтауға арналған. Ортағасырлық қыш бұйымдар сол дәуірдегі күнделікті тұрмыстың маңызды бөлігі болған және қолөнердің жоғары деңгейін көрсетеді.
Материалы: қыш
Мерзімі: Х-ХІІ ғғ.

Scroll to Top