Книга.
Описание
Кітап. «Жолайырықта». Көкшіл түсті мұқаба бетінің жоғарғы жағында «Арқас өрбіту қорының кітапханасы» деп жазылып,астына көлденең жалпақ көк түсте сызық басылған. Оның төменгі жағына көк түсті әріптермен «Өзбекәлі Жәнібеков» деп автор жазылып, төменгі астына қара түсті әріптермен «Жолайырықта» деген кітап атауы берілген. Бұдан төменгі орта тұсына ішіне ертедегі зергерлік қолөнерде қолданылатын әр түрлі бейнелер салынған төртбұрыш басылған. Кітаптың бірінші бетінің төменгі жағына «Шоқан Уәлиханов музей қорына құрметті ұстазым Өзекең еңбегін тарту етемін. Осы музей боларына біраз еңбегі сіңіп еді, айырықша тума ел мақтанышы бола беруіне тілектеспін. Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Шамиль Қожаханов 18.08.06ж» деп жазылып, астына қолтаңбасы қойылған.
Автордың қазақ қоғамының айналадағы ортаны әлеуметтік және эстетикалық тұрғыдан игерген іс-тәжірибесімен тікелей байланысты халық сәулеткерлігіне арналған туындысы.
Алматы,“Рауан”,
Автор: Ө.Жәнібеков.1995ж
Состояние сохранности
Без видимых повреждении