Кітап.
Описание
Кітап: «Адалбақан»
Бұл еңбек—жазушы Бейбіт Сапаралының тарихи-этнографиялық бағыттағы зерттеу еңбегі. Кітаптың мұқабасында қазақ үйдің ішкі көрінісі бейнеленген. Жоғарғы сол жақта автордың есімі—Бейбіт Сапаралы, ал төменгі бөлігінде кітаптың атауы — «АДАЛБАҚАН» ірі әріптермен жазылған.
Кітаптың алғашқы бетінің жоғарғы ортасында автордың фотосуреті орналасқан. Суреттің астында автор өз қолымен қара сиялы қаламсаппен:
«Алтынемелдегі Шоқан мұражайына ұлы ғалым туралы зерттеу жазбаларым енген осы кітабымды сыйға тартамын. Б.Сапаралы, 10.08.95 ж.»—деп жазып, қолтаңбасын қалдырған.
Алматы, «Өнер» баспасы.383
бет.1992ж.
Автор: Бейбіт Сапаралы
Состояние сохранности
Без видимых повреждении