Биялай.
Описание
Құсбегілер мен бүркітшілерге арналған қолғап түрі. Ол иленген таза теріден тігіліп, сыртқы түгі ішіне қаратылып жасалған. Қолғап екі бөлек теріден пішіліп, бір-біріне қаратылып, түйіскен жиектері біріктіріле тігілген. Қолғаптың бас бармаққа арналған жеке қалташасы бар. Қолғаптың жалпы ұзындығы—46 см, бас бармақ қалташасының ұзындығы—10 см, жалпақтығы—5 см. Білек тұсының жалпақтығы—19 см, ал ұшының жалпақтығы—12 см. Қолғаптың білек жағының үстіңгі ортаңғы бөлігінде 5 см ұзындықта жырық ойық салынған, бұл оны киюге және білекке икемдеп байлауға ыңғайлы етеді.
Состояние сохранности
Без видимых повреждении