Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Торсық.

Описание

Қазақтың тұрмыстық ыдыстарының бірі. Иленген теріден екі бөлек пішіліп, бір-біріне қарама-қарсы қаратылып, жиектері түйістіріле тігілген. Торсықтың екі жақ сыртқы бетіне теріге батырыла салынған ою-өрнектер түсірілген. Торсықтың иық тұсының екі жағында бұрышталып пішілген бөліктер жиегімен бірге қоса тігіліп, сол жерлерге доғабас темір шегеленген. Осы темірге қолмен ұстап алып жүруге арналған қайыс бау тағылған.Торсықтың аузы арнайы ағаш тығынмен жабылады. Ағаш тығынның жоғарғы жағы 5 см аралықта екі жағынан жонылып, 4,5 см жалпақталып, ортасы тесілген. Сол тесік арқылы қайыс бау өткізіліп, тығын жоғалып кетпеуі үшін оның бір ұшы торсықтың иығына байланған бауға қосылып бекітілген.

Состояние сохранности

Старый,кожа изношенная

Scroll to Top