Тапанша.
Описание
«Велодог» маркасындағы тапанша, қысқа қашықтықтағы (50–70 м) қарсыластың тірі күшін жоюға арналған. Салмағы–300 г, ұңғы диаметрі–5,5 мм. Айналмалы барабанына 5 оқ сияды. Барабанның оң жағында «7552» нөмірі қашалған. Қарудың корпусы мен бөлшектерінде «PV 3», «BROWNING», «G. MAYOR LAUSANNE», «Чокану Валиханову» деген жазулар, сондай-ақ «1858» жыл белгісі көрсетілген. Сақтандырғыштың сол жағында «SUR» (жоғарғы позиция) және «FEU» (төменгі позиция) деген латын жазулары бар. Бельгиялық қару-жарақ өнеркәсібіне тән «ELG» белгісі бар тәжі бейнеленген сопақша таңба және «19» саны таңбаланған. Тарихи деректерге сәйкес, қару Шоқан Уәлихановқа Қашқария экспедициясы кезінде өзін-өзі қорғау мақсатында берілген.
Состояние сохранности
Биз видимых повреждении