Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құттықтау хат.

Описание

Құттықтау хат.
Бұл құттықтау хат сәулетші, қоғам қайраткері Шота Ыдырысұлы Уәлихановтың 80 жас мерейтойына арналған.
Хат ақ түсті сапалы қағазға басылған. Сол жақ жоғарғы бөлігінде сары түсті эмблема бейнеленген. Қызыл әріптермен ірі қаріпте: «Құрметті Шота Ыдырысұлы!» деп басталып, көк түсті мәтінмен мерейтойлық құттықтау сөздер жазылған.
Хатта Ш.Уәлихановтың ел мәдениеті мен өнеріне қосқан зор үлесі, оның ұлттық рәміздерді жасауға атсалысқаны, тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштерге жетекшілік еткені және шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбегі ерекше атап өтіледі.
Мәтін соңында:
«Өмірдегі осы бақытыңыз баянды бола берсін. Зор денсаулық, жаңа шығармашылық табыс, әулетіңізге амандық пен игіліктер тілеймін» деген ізгі тілекпен аяқталады.
Хат соңында—ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолы қойылған.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы сәуір деп көк түспен жазылған.
Қағаздың жиегі көк және қоңыр түсті сызықтармен көмкерілген.

Состояние сохранности

Без видимых повреждении

Scroll to Top