Кемер белдік.
Описание
Әйелдерге арналған бұл белдік былғарыдан жасалып, ішкі жағына жұмсақ ақ түсті жүн салынған. Белдіктің екі жиегі ішке қарай қайырылып, мықтап бекітілген. Сыртқы бетіне шекіме әдісімен өрнектеліп, 17 шытыра қондырылған. Қайырылған жиектерді біріктіре отырып, астыңғы жағына жұқа қара темір қабат салынып, шегемен бекітілген. Қапсырмасының беткі жағы ақ металдан, астыңғы жағы қара темірден жасалып, төртбұрышты шегелер арқылы бір-біріне бекітілген. Үстіңгі бетінің ортасына дөңестелген ақ металл элемент орнатылып, оның орта тұсы дөңгелекше ойылып, ішіне қызыл түсті шыны салынған.
Состояние сохранности
Старый,кожа изношенная